Стоматология факультетінің 3 курс студенттері ЖИТС-тің зияны туралы ақпарат берді
28.11.2023 жылы аталған тақырып бойынша ұйымдастырылған ашық сағат №93 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары арасында өткізілді.
«Сақтан ұрпақ ЖИТС деген қатерден» атты ашық сағатты жүргізу барысында оқушылардан анонимді сауалнамалар алынып, ЖИТС-тің қатерлігі туралы ақпарат берілді. Кері байланыс ретінде оқушылар арасында ойын түріндегі викторина өткізілді. Іс-шара соңында аталған тақырыпқа жүргізілген ашық сағат үшін Астана Медицина Университетінің нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушылары Мухажанова Г.О., Мухашева Н.Е. және «Стоматология» факультетінің 3 курс студенттері Акчабаева Ә.Ш., Смадьярова А.С. алғыс хаттармен марапатталды