«Жас Дарын» корпоративтік сыйлығы

«Жас Дарын» корпоративтік сыйлығы

«Астана медицина университеті» КеАҚ Білім, ғылым және клиникалық практиканы дамытуға қосқан үлесі үшін жас мамандардың қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында ҚР Ғылым күніне орай жыл сайынғы «Жас Дарын» корпоративтік сыйлығын беру туралы конкурс өткізеді.

«Жас Дарын» корпоративтік наградасы Университетте кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар 40 жасқа дейінгі «Астана медицина университеті» КеАҚ қызметкерлеріне беріледі. Байқау қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз іріктеледі. Байқау жеңімпаздары «Жас Дарын» төсбелгісімен (медалімен) марапатталып 30 бен 70 АЕК аралығындағы мөлшерде ақшалай сыйлық алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 03 қаңтардан 1 наурыз дейін қабылданады. Байқау нәтижелері Университет сайтында 2024 жылдың 1 сәуірге дейін жарияланады. «Жас Дарын» корпоративтік сыйлығымен (медалімен) марапаттау 2024 жылғы 12 сәуірде жас ғалымдардың халықаралық форумында өтеді.

Корпоративтік сыйлыққа үміткерлердің өтінімдері мен құжаттар пакеті электрондық түрде email-де nauka@amu.kz және қағаз жеткізгіштерде Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту орталығына (Абай к-сі, 47, 7-қабат, 709 каб., тел.:8705-170-11-11.

«Жас Дарын» корпоративтік сыйлығын беруге өтініш берушілер келесі құжаттар топтамасын ұсынулары қажет (қағаз жеткізгіштердегі құжаттар паспорттық деректер мен байланыс ақпаратын көрсете отырып, құжаттарға арналған байланыстырғышта қабылданады):

1. Конкурсқа қатысуға өтінім және номинацияны көрсете отырып, еркін нысандағы растайтын құжаттардың тізбесі;

2. Фотосуреті бар түйіндеме, Researcher ID (Web of Science) және/немесе Scopus көрсетіп, еңбек кітапшасының көшірмесі қоса беріледі;

3. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, «Жас Дарын» корпоративтік наградасын беру туралы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үміткер жұмыс істейтін университеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы куәландырған ғылыми және инновациялық қызметтің нәтижелілігі туралы есеп:

- Соңғы екі жылда ғылыми зерттеулерді орындау

- Соңғы екі жылдағы ғылыми жарияланымдар, оның ішінде мақалалар, тезистер, қысқа хабарламалар, конференция материалдары, кітап ғылыми басылымдары;

- Соңғы 2 жылдағы патенттік белсенділік;

- Соңғы екі жылда ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;

- Соңғы екі жылда халықаралық конференцияларға қатысу (қатысушы сертификатымен расталған).

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика