РЕСМИ ХАБАРЛАМА

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

Астана медицина университеті БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралып жатқан студент пен оқытушының арасындағы оқиға туралы ақпаратты негізге ала отырып, келесіні хабарлайды: Жоғары оқу орнында білім алушылар мен қызметкерлердің конституциялық құқықтарын бұзатын, сондай-ақ агрессияның басқа да түрлері (харассмент, буллинг және т.б.) қолданыстағы заңмен қатаң түрде қудаланады.

Бұл ретте жоғарыда аталған студенттің өтініші түскен күні шұғыл түрде қызметтік тергеу жүргізілгенін айта кетейік. Дәл сол мерзімде оқытушы сабақ процесінен шеттетіліп, қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша Университеттің академиялық саясаты мен корпоративтік мәдениетін және Әдеп кодексін бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды.

Қазір аталған студент оқуын жалғастырып жатыр. Осы уақытқа дейін оның тарапынан оқу кезінде қандай да бір қысымның көрсетіліп жатқанына байланысты ешбір шағым түскен жоқ.

Айта кетейік, профессорлық-оқытушылар құрамымен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу үшін профилактикалық жұмыс ұдайы түрде жүргізіліп келеді. Кемсітушіліктің кез келген түрін алдын алуға қатысты сарапшылардың қатысуымен білім алушылар және оқытушыларға арналған дәрістер тұрақты негізде өткізіледі.

Сонымен бірге жұмыстан шығарылған оқытушы ар-намысы мен жеке абыройын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарына жала жапқаны үшін арыз бергенін хабарлаймыз.

Осы орайда Астана медицина университеті шешім қабылдауда ашықтық пен негізділікке, Академиялық адалдыққа, сондай-ақ корпоративтік мәдениет пен Әдеп кодексі қағидаттарына ұстануға басымдық беретінін атап өткен жөн. Бірнеше жылдан бері ЖОО-да ректордың тікелей желісі тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Бұған қоса ресми сайтта ректордың, проректорлар мен декандардың жеке блогтарының жұмысы жолға қойылған. Сол арқылы қызметкерлер мен білім алушылар өздерін алаңдатқан кез келген мәселе бойынша жүгініп, оны шешуге жан-жақты көмек ала алады.

 

Астана медицина университетінің баспасөз қызметі

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика