2024 жылдың 2 ақпанында «Астана медицина университеті» КеАҚ стоматология мектебінің деканы, м.ғ.к. В. Р. Деточкина «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ «Стоматология» білім беру бағдарламасының интерндері үшін «Тіс кариесі. Ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары. «Ремтерапия» тақырыбында мотивациялық кәсіби дәріс өткізді.
Дәріс барысында тістердің кариесологиясы мен кариесі, ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары, профилактиканың маңыздылығы, сондай-ақ реминерализация терапиясының ерекшеліктері және Ремтерапия процедурасының кезеңдері туралы сұрақтар қамтылды.
Кездесу соңында Ақтөбе қаласының медицина университетінің интерндерінен келіп түскен барлық сұрақтарға мектеп деканы толық жауап берді.
Спикер 6 курс білім алушыларының назарын өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығы мен өзектілігіне және кәсіби біліктілігін арттыруға аударды.
Кездесу қызықты диалог форматында өтті.