Магистранттарға арналған ғылыми тағылымдама «Астана медицина университеті» КЕАҚ Әзірбайжан медициналық университетінде (Баку, Әзірбайжан).

Магистранттарға арналған ғылыми тағылымдама «Астана медицина университеті» КЕАҚ Әзірбайжан медициналық университетінде (Баку, Әзірбайжан).

Магистранттарға арналған ғылыми тағылымдама «Астана медицина университеті» КЕАҚ Әзірбайжан медициналық университетінде   (Баку, Әзірбайжан).

          7М10102 «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы 2 курс магистранттары Бегімова Гүлмарал Алтынсариновна, Кожаназарова Азиза Джанбековна, Шуленова Айман Темиргалиевна, Меморандумды жүзеге асыру аясында 2024 жылдың 5 қаңтар мен 15 қаңтар аралығында, Әзірбайжан медициналық университетінің оқу-хирургиялық клиникасында «№1 акушерлік және гинекология» және «№2 акушерлік және гинекология» кафедраларында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті (Баку қ., Әзірбайжан).

 

        Ғылыми тағылымдаманың мақсаты – зерттелетін саладағы алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені меңгеру, ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін қолдануда практикалық дағдыларды алу және бекіту, сондай-ақ магистрлік диссертацияларды орындау кезінде кәсіби біліктілікті арттыру.

 

        Тағылымдамадан өту барысында магистрлік диссертацияның құрылымы мен мазмұны бойынша, ғылыми мақала жазу бойынша шетелдік профессорлармен кеңестер алдық, профессорлық-оқытушылық құраммен тәжірибе алмастық, сонымен қатар зерттелетін саладағы ғылыми жұмыстармен таныстық. Практикалық бөлімде магистранттардың пациенттердің қабылдауында болуы, кішігірім гинекологиялық манипуляцияларға қатысу, гинекологиялық лапароскопиялық операциялар, кесар тілігі және т.б.

 

         Ғылыми тағылымдама бағдарламасын магистранттар толық меңгеріп, тәжірибеден өткеннен кейін магистранттар сертификатқа ие болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика