Астана медицина университетінде «Радиология ісіндегі әйелдер денсаулығы» Еуразиялық мектебі өз жұмысын бастады.

Астана медицина университетінде «Радиология ісіндегі әйелдер денсаулығы» Еуразиялық мектебі өз жұмысын бастады.

Әйел адамның денсаулығына байланысты мәселелер бүкіл әлем бойынша өзекті. Бұл қатарда Қазақстан да бар. Өйткені мұның салдарынан пациенттердің өмір сүру сапасы едәуір төмендеп, психологиялық проблемаларға ұшыратумен бірге ұзақмерзімді емдеу мен күтімді қажет етуі мүмкін. Сонымен қатар бұл аралас бейіндегі мамандары үшін де диагностикалауда қиындықтар туғызады. Қазақстанда мұндай аурулардың статистикасы өңірге және медициналық көмектің қолжетімділік деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес сүт безі обыры (СБО) әйелдердегі қатерлі ісік құрылымында 1-ші орында (13,2%) тұр. Орташа есеппен алғанда, жыл сайын елімізде 5 мыңға жуық адамда осы дерт анықталып жүр. Өкініштісі сол, оның ішінде 1200-ге жуық әйел өмірімен қош айтысады. Сол себепті де кейінгі жылдары әйел денсаулығы мәселесі кең спектрлі зерттеулер жүзеге асырылатын, сондай-ақ медициналық тың технологиялар белсенді дамып, енгізіліп жатқан маңызды бағыттардың бірі  болып саналады.

Іс-шара барысында әйелдердегі түрлі ауруларды заманауи диагностикалау және емдеу, сондай-ақ медициналық мекемелердің практикасына инновацияларды енгізу мәселелерін талқылау жоспарланған.

Астана медицина университетінің проректоры Меруерт Ғазалиева өзінің құттықтау сөзінде әйелдер денсаулығы Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге әлемнің көптеген елі үшін де маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі екенін атап өтті. Университет басшысы айтқандай, резидентура бағдарламасы бойынша оқу орында 83 рентгенолог дәрігер оқып келеді. Магистранттар мен докторанттар да өз зерттеулерінің бағыты ретінде аталған саланы таңдайды.

Конференция барысында академик Ж.Хамзабаев ат. Радиология ҒЗИ директоры, Қазақстан радиологиялық қауымдастығының президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, м.ғ.д., профессор Раушан Рахымжанова өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, конференция Австрия, Англия және Оңтүстік Кореядан келген әріптестермен тәжірибе алысып, мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мен отандық радиологиялық саланың қызметін үйлестіруде маңызды екенін жеткізді.

Іс-шара жас мамандардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар үшін алыс және жақын шетелдердің ірі орталықтарының жетекші қызметкерлері, профессорлары және басшыларымен тәжірибе алысуға тамаша мүмкіндік болды.

Осы ретте конференция АстМУ-нің академик Ж.Хамзабаев ат. Радиология ҒЗИ және Қазақстандық радиологиялық қауымдастығының қолдауымен өтіп жатқанын айта кетейік.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика