2024 жылғы 11 мамырда «№ 1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК базасында «Мойын мен арқадағы ауырсыну: теориядан тәжірибеге» тақырыбында семинар өткізілді

2024 жылғы 11 мамырда «№ 1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК базасында «Мойын мен арқадағы ауырсыну: теориядан тәжірибеге» тақырыбында семинар өткізілді

Аталған іс-шараның спикері Қазан мемлекеттік медицина академиясының неврология кафедрасының профессоры, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері    Фарида Ильдусовна Девликамова болды. Дәріске Астана қаласының стационарлары мен емханаларының дәрігерлері, АМУ КеАҚ неврология кафедрасының неврологтары қатысты.

Өткізілген семинар Астана қаласының невролог дәрігерлеріне клиника бойынша жаңа білім алуға мүмкіндік берді. Профессор Ф.И. Девликамова аурудың патофизиологиялық механизмдерінің заманауи тұжырымдамаларын және олардың терапиялық және дәрі-дәрмектік емес түзетулерін ашып берді.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика