Академик Даленов Ерболат Дербісәліұлы атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты

Академик Даленов Ерболат Дербісәліұлы атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты

Ерболат Дербісәліұлы Дәленов  (08.09.1946 - 22.02.2023г.) - Қазақстан Республикасы профилактикалық медицина академиясының және валеология академиясының, Нью-Йорк Ғылым Академиясының Құрметті академигі, Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының меңгерушісі, профилактикалық медицина институтын құрудың бастамашысы.
Профессор Дәленов өмір бойы Астана медицина университетінде қызмет етті, осы оқу орнын тамамдап, ассистенттен кафедра меңгерушісі, деканға дейінгі жолдан өтті. Ол 450-ден астам ғылыми еңбектерін, оның ішінде 42 кітап, 10 монография, жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған қазақ және орыс тілдеріндегі валеология және биология оқулықтарын, сондай-ақ дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлерге арналған анықтамалықты жариялады.
Ерболат Дербісәліұлы жоғары оқу орындарына арналған қазақ тіліндегі патофизиология және валеология бойынша алғашқы оқулықтардың тең авторы, 18 өнертабыс авторы.
Профессор Дәленов - көптеген шәкірт дайындаған ұлағатты ұстаз. Оның жетекшілігімен 5 докторлық, 24 кандидаттық, 15-тен астам магистрлік және 4 PhD диссертация қорғалды.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика