«Қозғалыс – өмір» анатомия және физиология мектебі

«Қозғалыс – өмір» анатомия және физиология мектебі

2024 жылдың 10-14 маусым аралығында А.Б. Әубәкіров атындағы адам анатомия және қалыпты физиология кафедраларының оқытушылары бірлесіп «Қозғалыс – өмір» анатомия және физиология жазғы мектебін өткізді, оның қатысушылары стоматология және медицина мектебінің 1-4 курс студенттері болды. Жазғы мектептің кең бағдарламасы болашақ хирург дәрігерлерін әрі қарай оқытуға және қан тамырлары мен нервтердің топографиясын түсінуге қажетті бұлшықет топографиясының маңызды мәселелерін қамтыды. Жазғы мектептің қатысушылары анатомияны ескере отырып, жарықтар пайда болуы мүмкін орындардың орналасуын, қан кету кезінде қан тамырларды қысатын жерлерді тәжірибе жүзінде талдады. Ерекше назар бас және мойын топографиясына аударылды, бұл болашақ стоматологтарға іріңді-қабыну процестерінің таралу жолдарын түсіну үшін қажет. Тірек-қимыл аппаратының физиологиясын зерттеу бұлшықеттерді тиімді жаттықтыру және денсаулықты нығайту үшін физиологияның маңыздылығына тірелген қолданбалы тәсілдемеге негізделді. «Қозғалыс – өмір» жазғы анатомия және физиология мектебіне қатысу студенттердің кәсіпті одан әрі белсенді игеруіне түрткі болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика