«Астана медицина университеті» КеАҚ бейіндік магистратураға және MBA, EMBA бағдарламаларына әңгімелесу арқылы оқуға қабылдайтыны туралы хабарлайды.

«Астана медицина университеті» КеАҚ бейіндік магистратураға және MBA, EMBA бағдарламаларына әңгімелесу арқылы оқуға қабылдайтыны туралы хабарлайды.


1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес, бейіндік магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде он жыл еңбек өтілі бар тұлғалар университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша, ақылы негізде қабылданады.

Осы санаттағы тұлғалар үшін бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларына құжаттар 2024 жылғы 15 тамызға дейін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а, 102-кабинетте күн сайын сағат
9.00-ден бастап 18.00-ге дейін қабылданады (жексенбі күні демалыс).

Әңгімелесу 15 - 23 тамыз аралығында университетте оффлайн форматта өтеді. Университетке қабылдау 2024 жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі. Оқу 2024 жылдың 1 қыркүйегінен басталады.  

         «Астана медицина университеті» КеАҚ ақылы білім беру қызметтерінің 2024-2025 оқу жылына арналған прейскурантына сәйкес бейіндік магистратурада оқу құны – 1 122 000  теңгені құрайды. Оқу мерзімі  1 жыл /60 кредит. Оқыту күндізгі форматта жүргізіледі.   

          2. Сондай-ақ, «Астана медицина университеті» КеАҚ «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» МВА (оқу ұзақтығы 2 жыл / 120 кредит) және EMBA «Госпитальдық менеджмент» (оқу ұзақтығы 1 жыл /60 кредит) білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

         Оқытудың икемді кестесі қарастырылған – қашықтықтан оқыту элементтері бар күндізгі/онлайн оқыту, өндірістен қол үзбей немесе өндірістен жартылай қол үзіп оқыту. Оқытудың соңында қорытынды аттестаттау магистрлік жобаны қорғау түрінде жүзеге асырылады.

          Оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады, ақылы білім беру қызметтерінің Прейскуранты бойынша оқыту құны:

- «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» МВА – 1 760 000 теңге, 1 жыл оқуға;

- «Госпитальдық менеджмент» EMBA үшін – шетелдік серіктес университетте тағылымдамадан өту шығыстарын есептемегенде 1 870 000 теңге.

         MBA, EMBA білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін құжаттар 2024 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады. Әңгімелесу 15 тамыз бен 23 тамыз аралығында онлайн форматта өтеді. Университетке қабылдау 2024 жылдың 28 тамызына дейін. Оқу 2024 жылдың 1 қыркүйегінен басталады.

Әңгімелесу бойынша оқуға түсу үшін магистратураның білім беру бағдарламаларының тізбесі

        


№   


Білім беру бағдарламасының шифры


Бағдарламаның атауы


 Оқу кезеңі


Берілетін дәрежесі


1


7M10116


Қоғамдық денсаулық


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


2


7М10112


Фармация


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


3


7M10121


Денсаулық сақтау менеджменті


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


4


7М10113


Клиникалық психология


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


5


7M10119


Эпидемиология


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


6


7M10124


Жаһандық денсаулық


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


7


7М10128


Биологиялық қауіпсіздік


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


8


7М10130


Мейіргер ісі


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


9


7М10131


Геронтология


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


10


7М10132


Нутрициология


1 жыл, бейіндік


Денсаулық сақтау магистрі


11


7М10122


MBA «Денсаулық сақтау менеджменті»


2 жыл


Іскерлік әкімшілендіру магистрі


12


7М10127


ЕМВА «Госпитальды менеджмент»


1 жыл


Іскерлік әкімшілендіру магистрі



Құжаттар тізімі:

Университетке оқуға түсу кезінде магистратураға түсетін тұлғалар:

1) ЖжОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжатын көшірмесі

4) 3х4 (см) өлшемдегі алты (6 дана) фотосурет;

5)ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама, қағаз түпнұсқасы;

6) еңбек кітапшасының расталған көшірмесі;

7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке - іс парағы;

7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізбесі (бар болса);

8) білім беру бағдарламасын таңдау туралы эссе

Білім беру бағдарламалары бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясынан және зерттеу мектебінен алуға болады (телефондары - 8 (7172) 27-01-77, 87015230085, 87058415263, 87073358414).


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика