ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!!! Білім алушылардың жекелеген санаттарына (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!!! Білім алушылардың жекелеген санаттарына (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!!!

Білім алушылардың жекелеген санаттарына (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға көлік карталары маусым айынан бастап тамыз айына дейінгі кезеңді қоспағанда, ай сайын "Айлық жол жүру – Қала" шартымен толықтырылады) жеңілдікпен жол жүру құқығын беру үшін құжаттар қабылданады:

2024 жылғы 26 тамыздан бастап 20 қыркүйекке дейін! (қоса алғанда)

Құжаттарды тапсыру мекенжайы:

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығы, 49 корпус, 206 каб

Құжаттарды қабылдау уақыты: 8.30-17.30;

Түскі үзіліс: 12.30-дан 13.30-ға дейін

Барлық сұрақтар бойынша Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығына хабарласыңыздар:

53-95-42

ОҚУ КЕЗЕҢІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК МЫНАДАЙ РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР ҰСЫНЫЛҒАН КЕЗДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:

1.             Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Сабырұлы Ибраевтың атына ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін түрде жазылған жазбаша өтініші (кәмелет жасқа толмағандар үшін);

2.             Оқу орнынан анықтама (түпнұсқа);

3.             Жеке куәліктің көшірмесі;

4.             Отбасында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмелері;

5.             Өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатынын растайтын анықтама;

6.             Алынған кірістер туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы (соңғы 6 ай ішінде)) – жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасынан шыққан балалар үшін;

7.             Жұмыссыздық туралы анықтама;

8.             Отбасы құрамы туралы анықтама;

9.             Transcard.kz картасының нөмері (Transcard.kz жеке кабинетінде тіркелу).

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика