Астана Медицина университетінің 60 жылдығына орай ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйек аралығында «MedHub-тағы AMU projects Forum» халықаралық медициналық стартап жобалар форумы өтті.

Астана Медицина университетінің 60 жылдығына орай ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйек аралығында «MedHub-тағы AMU projects Forum» халықаралық медициналық стартап жобалар форумы өтті.

Астана Медицина университетінің 60 жылдығына орай ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйек аралығында «MedHub-тағы AMU projects Forum» халықаралық медициналық стартап жобалар форумы өтті.

Форум қоғамдық денсаулық сақтау және фармация саласындағы инновациялық жобаларды талқылауға бірегей мүмкіндік ұсынды. Форумды ұйымдастырушылар:

  • «PharmHub» Фармацевтикалық студенттер қауымдастығы;
  • Enactus Astana Medical University;
  • Фармацевтикалық пәндер кафедрасы;
  • «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» мектебінің кафедралары: «Қоғамдық денсаулық және гигиена» кафедрасы және «Қоғамдық денсаулық және эпидемиология» кафедрасы болды.

Форум аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

  • PharmHack Хакатоны – фармация саласындағы қазіргі заманғы мәселелерді шешуге бағытталған байқау.
  • Трекинг сессиясы – MedHub Projects Fair қатысушылары үшін дайындық сессиясы.
  • MedHub Projects Fair – стартап жобалар көрмесі және питчингі, мұнда қатысушылар өз идеяларын ұсынды және сарапшылар мен инвесторлардан кері байланыс алды.
  • Resume Roast – HR мамандарынан түйіндемелерге кәсіби баға беруге арналған шеберлік сабағы.
  • MedHub Talks – студенттік ұйымдардың көшбасшылары мен стартап қозғалысының өкілдері қатысқан сессия.
  • MedHub Quest – денсаулық сақтау саласындағы инновациялық шешімдерді іздеуге бағытталған кәсіпкерлік квест.

Форумның қорытындысы бойынша жеңімпаздарды құттықтағымыз келеді.

PharmHack Хакатонының жеңімпаздары «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері: Арайлым Кулмесхан, Әзиза Еслямбек, Амина Тоқтарова, Амина Алпыспаева.

MedHub Projects Fair жеңімпаздары:

  • 1-орын: «Интеллектуалды сурдолог» жобасы, жоба авторы – «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» мектебінің 3-курс студенті Ален Бахыткерей;
  • 2-орын: «SHIPA» жобасы, жоба авторы – «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» мектебінің 3-курс студенті Идагат Ақдәулет;
  • 3-орын: «Nomad Medicine» жобасы, жоба авторы – «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 6-курс студенті Адильхан Ашимов.

MedHub Quest кәсіпкерлік квестінің жеңімпаздары «Жалпы медицина» оқу бағдарламасының студенттерінен құралған «Белочки» командасы: Аайтолқын Заманов, Аяулым Уәли, Замира Серікова, Әзиза Еслямбек, Арайлым Кулмесхан.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және форумның барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысымызды білдіреміз!


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика