Ашық диалог: ректор Қамалжан Надыров белсенді студенттермен кездесті.

Ашық диалог: ректор Қамалжан Надыров белсенді студенттермен кездесті.

Ашық диалог: ректор Қамалжан Надыров белсенді студенттермен кездесті.

Астана медицина университетінің Басқарма төрағасы - Ректор Камалжан Надыров студенттік ұйымдардың мүшелерімен кездесті. Сұхбат студенттердің академиялық өміріндегі, студенттік өзін-өзі басқарудағы және жастар саясатындағы өзекті мәселелерін шешуге бағытталды.

Үш сағат бойы ашық диалог форматында қатысушылар проблемаларды талқылады, көкейтесті сұрақтарға жауап іздеді және студенттік белсенділер мен университет әкімшілігінің жақын болашақтағы бірлескен жұмыс жоспарларын қарастырды.

Кездесуде Enactus, KazMSA, Alma-Mater, Parmhub, Mua.times, Collaborative Culture Department, Студенттік ғылыми қоғам, Veritas, Surgery Trends және Медицина жастары студенттік бірлестіктерінің жетекшілері мен мүшелері қатысты.

Белсенділер өз бірлестіктері, волонтерлік ұйымдар мен университет клубтарының қызметімен таныстырып, жетістіктерімен бөлісті. Атқарылған жұмыстың нәтижесі мен ауқымы ерекше тамсандырды және мақтауға тұрарлық.

Мысалы «Enactus» жастар ұйымы денсаулық сақтау саласындағы жүзеге асырылып жатқан 6 жобаның және 2 ғылыми зерттеудің авторы. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін «Mavi Jobs» жобасын жасап, осы жоба арқылы 3 миллион теңге құрайтын «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алған. Даленов атындағы медициналық-профилактикалық ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп йод пен темір тапшылығын емдеу және алдын алу үшін азық-түлік өнімін жасауға бағытталған «Мармелабо» жобасын әзірлеуде. Осы сияқты маңызды жобалар өте көп.

– Асыра айтқаным емес, сіздер университетіміздің алтын қорысыздар. Оқу орнымыздың ерекше мәртебесінің болуы, шет мемлекеттерде біздің танылуымыз сіздер сияқты студенттердің көмегімен, еңбегімен келді», - деп ректор барлық жастар ұйымының жетекшілері мен мүшелеріне алғысын білдірді.

Ректор студенттік белсенділермен кездесуді жүйелі түрде өткізуге ниетті екенін жеткізді және олардың өкілдерін университет Ғылыми кеңесінің құрамына енгізуді ұсынды.

- Баршаңызға еңбегіңіз үшін, қамқор ұстанымыңыз үшін, университетке, Астанаға, елімізге деген сүйіспеншілігіңіз үшін, кәсіби, адамдық, азаматтық құндылықтарыңыз үшін рақмет, - деп алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Айтылған өтініштерді орындауға барлық мүмкіндіктің қарастырылатынын жеткізді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика