«Astana Medical Forum 2024» алғашқы халықаралық форумы өз мәресіне жетті

«Astana Medical Forum 2024» алғашқы халықаралық форумы өз мәресіне жетті

Астана медицина университетінің 60 жылдығына арналған «Astana Medical Forum 2024» алғашқы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өз мәресіне жетті.

Екі күн ішінде 40-тан астам іс-шара, оның ішінде 4 симпозиум, 2 сателлиттік конференция және студенттердің спорттық жарысы, 7 мастер-класс, 15 панельдік сессия және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Онлайн және офлайн режимде әлемнің 12 елінен медицинаның әртүрлі салаларынан 2000-нан астам маман қатысты.

Осы екі күн ішінде 60 жылдық мерейтойға орай университетке түрлі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, сонымен қатар университеттің көптеген шетелдік серіктестерінен құттықтаулар мен тілектер келіп түсті.

Ерекше атап өтерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университеттің мерейтойымен құттықтап, барлық бастамаларымызға сәттілік тіледі.

Талқыланған тақырыптар өзекті ғана емес, отандық денсаулық сақтаудың, медициналық білімнің, жаңа медициналық кадрларды даярлаудың, сондай-ақ ғылым мен жалпы қоғамның болашағы үшін маңызды болды. 21 ғасырдағы білім мен ғылымды дамытудың жаңа көкжиектері, цифрландыруды дамыту тенденциялары және денсаулық сақтауда жасанды интеллектті пайдалану сияқты негізгі мәселелер көтерілді. Панельдік сессиялар аясында урология, балалар хирургиясы, гастроэнтерология, терапияның өзекті мәселелері қарастырылды. Әсіресе, жаңадан ашылған екі ғылыми-зерттеу институтында тыныс алу медицинасын одан әрі дамыту және аритмология саласындағы бірегей диагностика мен емдеу әдістерін нәтижелі талқылағанын ерекше атап өткен жөн. Жас ғалымдар жастар форумы аясында ғылыми-зерттеу саласындағы жетістіктерін көрсете білді.

«Astana Medical Forum 2024» білім мен тәжірибе алмасудың тиімді ғылыми алаңына айналды. Барлық қатысушылар денсаулық сақтау саласына маңызды ерекше инсайттар алып, жемісті зерттеулерді жалғастыруға жаңа бағдар тапты.

Мерейтойлық іс-шаралар аясында жетістіктері еліміздің денсаулық сақтау саласының мақтанышы болған ардагерлер мен университет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. «Университет үздігі» байқауының қорытындысы шығарылып, болашақ дәрігерлерге лайықты үлгі бола білген қызметкерлер марапатталды.

Университеттің 60 жылдығын мерекелеу қарсаңында университет басшылығы «Достық» медалін бекіткен болатын. Бұл марапат университеттің дамуына және оның бастамаларына баға жетпес қолдау көрсететін серіктестерге алғыс пен құрметті белгісі. Барлық серіктестер «Достық» медалімен марапатталды, оның ішінде университетке жан-жақты қолдау көрсетіп жүрген жекеменшік клиникалар мен қалалық ауруханалардың өкілдері де бар.

Сондай-ақ, университеттің 60 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында оқу және кәсіби қызметте елеулі жетістіктерге қол жеткізген, өзін көрнекті маман және көшбасшы ретінде көрсете білген университет түлектеріне «Университет мақтанышы» жаңа сыйлығы табыс етілді.

Биыл екінші рет өткізіліп жатқан DemoDay медициналық стартап байқауына 50-ден астам стартап ұсынылып, оның ішінен ең мықты 22 жоба іріктелді. Байқаудың жаңа ерекшелігі – бұл жолы онлайн презентация арқылы қатысу мүмкіндігі жасалды. Осылайша, Қазақстанның 7 қаласынан келген бірнеше ондаған ұйымның өкілдері қашықтан өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды.

Қызу талқылаудан кейін қазылар алқасы келесі жүлделерді тағайындады:

- 150 мың теңгеден үш үшінші орын Сахарная мафия (Ақтөбе қ.), Gtrack (Астана қ.), MigreNON (Ақтөбе қ.) командаларына берілді;

- 250 мың теңгеден екі екінші орын: Health.AI (Астана қ.), Marmelabo Астана қ.);

- бірінші орын 500 мың теңге Тараз қаласының «Үміт» командасына бұйырды.

Жабылу салтанатында жеңімпаздар Астана медицина университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Камалжан Надыровтың қолынан көрсетілген сомаға сыйлық сертификаттарын алды.

Қазақстандық дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Астана медицина университетінің тері-венерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі Гүлсара Батпенова ынталандыру мақсатында 4 командаға 25 мың теңгеден сыйақы үлестірді.

«Astana Medical Forum 2024» жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда және ол ғылым, білім беру мен денсаулық сақтау саласын интеграциялауда, Қазақстандағы медициналық білім мен парктиканы дамытуда маңызды алаңға айналатыны сөзсіз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика