Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру және студенттермен алмасу мақсатында "Стоматология" ББ 3 курсының 12 білім алушысы оқытудан өтеді

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру және студенттермен алмасу мақсатында "Стоматология" ББ 3 курсының 12 білім алушысы оқытудан өтеді

Академиялық ұтқырлық және студенттермен алмасу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың 14-30 қазанында Шымкент қаласында «Стоматология» білім беру бағдарламасының 3 курстың 12 студенті Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Фармакология» пәні бойынша білім алуда. Мұғалім – доцент міндетін атқарушы, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Ибрагимова Айгүл Ғаффаровна.

Өз кезегінде Астана медицина университеті Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 10 студентін «Жалпы фармакология» кафедрасына оқуға шақырды. Мұғалімі – Алиакбарова Нұргүл Жұмабекқызы.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика