Астана медицина университетінің 60 жылдығына арналған" профилактикалық медицина – сапалы және салауатты ұзақ өмір сүру векторы " халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Астана медицина университетінің 60 жылдығына арналған" профилактикалық медицина – сапалы және салауатты ұзақ өмір сүру векторы " халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Астана медицина университеті» КеАҚ 60 жылдығына арналған

халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы «Астана медицина университеті» Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина Ғылыми зерттеу институты Сіздерді Целиноград мемлекеттік медицина институтының (қазіргі «АсМУ» КеАҚ) тұңғыш түлегі, академик Е.Д. Даленовті еске алу күніне арналған 2024 жылдың 24 қазанында Астана қаласында «Астана медицина университетінде» өтетін университеттің 60 жылдығын мерекелеу аясындағы «Профилактикалық медицина - сапалы және салауатты ұзақ өмір сүрудің векторы: Конференция 2024» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

                1)Профилактикалық медицина: қазіргі тенденциялар, сын-қатерлер және шешімдер”;

                2)“Альтернативті медицина саласындағы зерттеулер: жүргізу ерекшеліктері, практикаға енгізу”;

                3)“Дұрыс тамақтану: ғылыми негіздер, тағамдық қоспалар және биологиялық белсенді қоспалар оңтайландыру факторлары ретінде”;

                4)“Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының аурулар профилактикасындағы рөлі: тенденциялар, инновациялар, тәжірибе алмасу және даму”. 

Конференцияда пленарлық отырыс және секциялар бойынша жұмыс, тақырыптық талқылаулар мен мастер-кластар, профилактикалық өнімдер мен медициналық (сауықтыру) бұйымдарды өндірушілердің қатысуымен көрмелер кіреді.Конференция бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, профилактикалық және альтернативті медицина, тағамтану және оңалту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мамандар, кәсіби қарым-қатынас құрып, тәжірибемен және озық идеялармен алмасу мүмкіндігіне ие болады.

Конференция қарсаңында мынадай іс-шаралар жоспарланған:

1. Конкурстар (жеңімпаздары конференция өтетін күні ресми түрде марапатталады). Конкурс критерийлері Қосымшаларда көрсетілген.

2. Сертификаттар берілетін келесі тақырыптардағы ақылы мастер-кластар өткізу: Спорт және фитнес тамақтануы. Терапиялық фитнес негіздері (6 сағат), Заманиуи диеталар (6 сағат), Инетерапия 2.0: Тиімді әдістер.

Мастер-кластың сертификат құны - 8 000 теңге.

Шеберлік сабақтарына қатысу бойынша сұрақтар болса, мына телефонға хабарласуға болады: +7775562 7020, E-mail: tardzhibaeva.s@amu.kz (Тарджибаева Сауле Кеңесбекқызы). Өтініштер 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.

3. Профилактикалық өнімдер мен медициналық (сауықтыру) бұйымдарының көрмесі.

Көрме алаңын жалға алу – бір орынға 50 000 теңгеден.

Көрме алаңын жалға алу туралы сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 778 531 7890, E-mail: smagulova.m@amu.kz (Смағұлова Миргуль Есенғалиқызы). Өтініштер 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Өтетін орны: «Астана медицина университеті» КеАҚ, Бейбітшілік 49А

Формат: офлайн, онлайн

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференцияға қатысу - тегін. Конференция соңында қатысушыларға электрондық сертификаттар беріледі.  

Конференцияға спикер ретінде қатысу үшін 03.10.2024 дейін https://forms.gle/pZXSamg3xy7tw3p66 Google  Forms толтырыңыз.Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу үшін 2024 жылдың 20 қазанына дейін тіркелу қажет.Баяндамалар 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін *.ppt және *.pptx екі форматта nii.dalenov@amu.kz электрондық поштасына жіберіледі. 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кейін ұсынылған баяндамаларды ұйымдастыру комитеті қабылдамайды. Файл атауы – Спикердің тегі мен инициалдары.  


Ұйымдастырушылардың байланыстары:

Астана қаласы, Қазақстан, «Астана медицина университеті» КеАҚ

Академик Е.Д.Дәленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты

Жұмыс телефоны: 87172539534

Ұялы телефон: + 7705 107 3070 Анар Сырымжанқызы

Электрондық пошта: nii.dalenov@amu.kz


 

Мастер-кластарға/көрмеге қатысу үшін төлем туралы мәліметтер


Төлемді алушы: «Астана медицина университеті түлектерінің қауымдастығы» ҚБ


БИН 131140004371

ИИК KZ22601A871018044171


Астана, район Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік 49, 205-кабинет


АО «Народный Банк Казахстана»

БИК HSBKKZKX


«Төлемнің мақсаты» өрісінде мынаны көрсетуіңізді сұраймыз:

«2024 жылғы 23-24 қазандағы конференцияға қатысу»




Проректор                                                                             В. Койков

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика