Психологпен, Университеттің психологиялық қызметімен танысу мақсатында ұйымдастырылған кездесулер «Бейімделу және қолдау: мамандыққа және тұлғалық өсуге алғашқы қадамдар»

Психологпен, Университеттің психологиялық қызметімен танысу мақсатында ұйымдастырылған кездесулер «Бейімделу және қолдау: мамандыққа және тұлғалық өсуге алғашқы қадамдар»

2024 жылдың 22 және 23 қазан күндері Фармация мектебінің бірінші курс студенттері мен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған психологпен және Университеттің психологиялық қызметімен танысу мақсатында кездесулер өтті. Кездесуге қазақ топтары 101 және 102 фармация, орыс топтары 101 екі дипломды фармация және 103 фармация, сондай-ақ «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 139 ЖМ тобының студенттері қатысты. Кездесуде барлығы 54 адамды құрады.

Іс-шара барысында білім алушылар университет психологының жұмысы, оқу жылына жоспарланған қолдау шаралары туралы, сондай-ақ кеңес алуға болатын сұрақтар мен мәселелер туралы мәлімет алды. Кіріспе бөлімнен кейін студенттердің бір-бірімен танысуына, топтың бірлігін нығайтуға және эмоционалдық интеллектін дамытуға бағытталған «Кел, танысайық» атты психологиялық тренинг өткізілді.

Тренинг бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Сөйлемді аяқта» жаттығуында студенттер өз мамандығын таңдаудың себептері мен болашақ кәсібі туралы көзқарастарымен бөлісті. Бұл олардың оқу мақсаттары мен қызығушылықтарын жақсырақ түсінуге ықпал етті. Содан кейін студенттер эмоциялар мен эмоционалдық интеллект ұғымымен танысып, арт-терапия, когнитивті-бихевиоралдық терапия және денеге бағытталған терапия форматында бірнеше психологиялық жаттығуларды орындап көрді. Қатысушыларға тыныс алу жаттығулары, медитация және стрессті жеңілдетуге арналған басқа да әдістер ұсынылды.

Шығармашылық белсенділік кезеңінде қатысушылар «Ұжымдық сурет» жаттығуына қатысты. Студенттер қоғамдағы өзекті мәселелерді таңдап, кезек-кезек сол тақырыпта сурет салды, содан кейін оны топқа таныстырып, мәселені шешу жолдарын ұсынды.

Кездесулер сәтті өтті, студенттер іс-шараларға үлкен қызығушылық танытып, осындай тренингтерді жиі өткізуге ниет білдірді.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары орталығының аға әдіскер-психологы Сарбасова Қ.Қ.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика