«Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушыларының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Құтыбаева Б.С. және ассистент Құсайын А.А. (2024 жылдың 21-25 қазан аралығында) И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясына іс-сапармен барды. Оқытушылар 2-5 курс студенттері, жоғары мейіргер ісі білім беру факультетінің аспиранттары және мейіргер ісі кафедрасының оқытушылары үшін оқыту семинарын өткізді. Семинар жоспарына сәйкес мейіргер ісіне байланысты келесі негізгі тақырыптар қамтылды:
- Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісі бойынша мамандар дайындау (бакалавриат, магистратура, докторантура);
- Денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрлық технологиялар;
- Сервис-дизайнды мейіргер ісін дамытуда қолдану;
- Мейіргер үдрісіндегі мейіргерлердің кәсіби қызметіндегі рөлі.
Семинар қатысушыларына мейіргер ісіндегі білімі, ғылымы және клиникалық практикасы салаларында өз білімдері мен дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік берді.
Семинардан кейін оқытушыларға арнайы жасақталған мейіргер ісі бойынша симуляциялық орталықты аралау мүмкіндігі ұсынылды. Симуляциялық орталық заманауи манекендер, жаттығу құрылғыларымен жабдықталған, сондай-ақ интерактивті оқу кабинеттері мен дәріс залдары бар.
Кездесу барысында мейіргер ісі факультетінің деканат басшылығымен қысқа және ұзақ мерзімді ынтымақтастық жоспарлары талқыланды: бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын жетілдіру; оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру; шетелдік студенттерді қабылдау және оқыту; мейіргер ісі бойынша оқытушылардың кәсіби және педагогикалық құзыреттілігін дамыту.
Семинардың соңында оқытушыларға Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясының сертификаттары табыс етілді.