Астана Медицина Университеті әлеуметтік -гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Канжил Шәкірттің бастамасымен, жалпы Мединица мектебінің 114, 228 топтарының ұйымдастыруымен «Республика - Мақтанышым» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараны стомотология мектебінің Деканы Деточкино Виолетта Робертовна және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Омарова Бейбіжамал Қожахметовалар мерекелік құттықтауларымен ашты. Сонымен қатар іс-шараға әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушылары Устембаева Жазира Төлеубаева, Карбозов Алибек Ерденович қатысты. Мерекелік іс-шара жоғарғы деңгейде аталып өтілді.