Онкология кафедрасы «Ақмола облысында ауылдық жерлерде онкологиялық қызмет көрсетуді дамытудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында ылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып мастер –класс өткізді

Онкология кафедрасы «Ақмола облысында ауылдық жерлерде онкологиялық қызмет көрсетуді дамытудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында ылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып мастер –класс өткізді

2024 жылғы 16-17 қазанда «Ақмола облысында ауылдық жерлерде онкологиялық қызмет көрсетуді дамытудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция негізі облыстың онкологиялық қызметінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, жоғары санатты хирург, «Даңқ» орденінің иегері, Ақмола облысының Құрметті азаматы Байкенов Өмірбек Кәкімұлының 90 - жылдығына арналған.

«Астана медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы-Ректоры Надыров Камалжан Талғатовичтің бастамасымен «Астана медицина университеті» КЕАҚ мен Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы арасында келісім-шарт жасалды. Бұл ынтымақтастық облыс тұрғындарына онкология кафедрасының ызметкерлерімен практикалық көмек көрсетуге бағытталған. Конференция аясында онкология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мақышев Абай Кайргожинович өңеш ісігін хирургиялық емдеу бойынша шеберлік сабағын өткізді.Онкология кафедрасының қызметкерлері онкологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу саласында ғылыми баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Медициналық көмекті ұйымдастырудағы заманауи тәсілдер, паллиативтік көмек пен оңалту мәселелері негізгі талқыланатын тақырыптар болды. Іс-шара тәжірибе алмасу және онкологтардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ Қазақстандағы онкологиялық көмекті дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылау алаңына айналды.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика