1985 жылдан бері жыл сайын әлемде сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу айы тойланады. 1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 15 қазанда Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күнін белгіледі.
Бұл сүт безі обырына қарсы күннің мақсаты – қоғамның назарын сүт безі обырына байланысты жаһандық проблемаларға аудару, халықтың алдын алу, ерте анықтау және емдеу тәсілдері туралы хабардарлығын арттыру.
Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні аясында ЖШС «ALANDA» мекеменсінде КЕАҚ «Астана медицина университеті» онкология кафедрасының ассистенті Куканова Асия Маратқызының белсенді қатысуымен Ашық есік күнін өткізілді. Бұл күні маммологтар 20-дан астам әйелді қабылдап, жан-жақты консультациялар жүргізіп, сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуінен өтіп, сүт бездерінің қатерлі ісігінің алдын алу және емдеу бойынша қажетті ұсыныстарды берді.
Онкология кафедрасы Ашық есік күніне келгендердің барлығына шын жүректен алғысын білдіреді және де профилактика – салауатты және бақытты өмірдің кепілі екенін еске саламыз!