2024 жылғы 1 қарашада біздің университеттің білім алушылары үшін екі психологиялық тренинг өткізілді: 113 ЖМ және 216 ЖМ топтары. Бұл шаралар университеттің психологиялық қызметімен танысу, бейімделу кезеңінде қолдау көрсету, топта ұйымшылдықты дамыту, сондай-ақ коммуникативтік дағдылар мен эмоционалдық өзін-өзі реттеу қабілеттерін дамытуға бағытталды.
113 ЖМ тобымен «Эмоциялармен қалай жұмыс істеуге болады» деген тақырыпта психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг стресстік жағдайларда эмоционалдық өзін-өзі реттеуді дамытуға арналған. Сабақтың мақсаты қатысушыларға эмоцияларын басқаруды және олардың эскалациясын болдырмауды үйрету болды. Тренинг барысында арт-терапия, майндфулнесс тыныс алу және когнитивті – мінез-құлық практика техникасы қолданылды.
Тренинг «Бір-бірімізбен танысайық» рөлдік ойынымен басталды, бұл қатысушылардың арасындағы таныстықты жақсартуға және топтың бірлігін нығайтуға көмектесті. Содан кейін қатысушылар «Стрестің денеге әсері» практикалық жаттығуын орындады, бұл оларға физикалық және эмоционалды-психологиялық сезімдерін бақылап, талдауға көмектесті. Шараның барлық кезеңдері белсенді өтті, қатысушылар көптеп оң пікірлер қалдырды.
216 ОМ тобы үшін ұйымдастырылып, өткізілген «Сіздер өздеріңізді білесіз бе?» тақырыптағы психологиялық тренингі
Бұл тренингтің мақсаты - өзін-өзі тану және өзін-өзі түсінуді жаңарту. Тренинг барысында келесі міндеттер қойылды: өзін-өзі таныстыру, оң эмоционалдық фонды қалыптастыру, бірлескен қызметке мотивацияны дамыту және «Мен» туралы түсінікті қалыптастыру.
Тренинг студенттерді университеттің психологиялық қызметімен таныстырумен және «эмоционалдық интеллект» түсінігімен басталды. Қатысушылар «Стрестің денеге әсері» практикалық жаттығуын орындап, сондай-ақ «Мендегі 10 оң және 10 теріс «Мен»» жаттығуын, өзін-өзі тану және өз күшті және әлсіз жақтарын актуализациялау мақсатында орындады. Рефлексия кезеңінде студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай шараларды жиі өткізу туралы тілектерін білдірді.
Екі тренинг те табысты өтті, қатысушылардан оң кері байланыс алынды, бұл университетте мұндай шаралардың маңызды және қажетті екендігін растайды.
Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығының аға әдіскер-психологы – Сарбасова К.Қ.