8 қараша күні университетімізде Ректор Кубогі үшін шахматтан турнир өтті. Жарысқа 45 студент қатысып, достық әрі бәсекелестік рухында жоғары деңгейде ойын көрсетті.
Ерлер арасындағы нәтижелер:
1 орын – Абдуназаров Мұратжан — 703 ОМ тобы
2 орын – Абдрахманов Санжар — 362 ОМ тобы
3 орын – Жұбатқан Нұрлыбек — 107 ОМ тобы
Қыздар арасындағы нәтижелер:
1 орын – Базарбайева Мерей — 307 ОМ тобы
2 орын – Абдильдаева Саулет — 304 Пед тобы
3 орын – Тұрарова Айнұр — 223 ОМ тобы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға талпынысы мен спорттық рухы үшін алғыс білдіреміз! Енді үздік ойыншыларымыз қалалық және республикалық жарыстарда университетімізді таныстыратын болады.