Жетістікке апарар жол: жоспарлау және өзін-өзі жетілдіру

Жетістікке апарар жол: жоспарлау және өзін-өзі жетілдіру

2024 жылдың 13 қарашасында сағат 20:00-де Жеңіс даңғылы 35 мекенжайы бойынша орналасқан Студенттер үйінде «Сәттілік психотехнологиясы. Болашақты жоспарлау – жетістікке апарар жол» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

Мақсаты: жетістікке жету үшін қажет ерік-жігер мінез-құлқын қалыптастыру. Тренингке қатысушылар табысты адамның қасиеттерімен танысып, мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі қасиеттерді талқылап, практикалық тапсырмалар орындады.

Ерекше назар релаксация мен визуализацияға арналған жаттығуларға аударылды. Бұл техникалар қатысушыларға тынығуға, сенімділікті сезінуге және өз мақсаттарына жету үшін энергиямен толуға мүмкіндік берді. Тренингтің қорытындысы ретінде әр қатысушы өз болашағының авторы екенін сезінуге көмектесетін «Мен өз ісімнің кәсіби шеберімін» атты арт-терапиялық маска жасау жаттығуы өткізілді.

Тренингтің нәтижесінде қатысушылар өз күштеріне деген сенімділігін арттырып, өзін-өзі дамытуға мотивация алды және мақсатқа жетуге деген оң көзқарас қалыптасты. Қатысушылар әсіресе релаксация және өзін-өзі тануға арналған жаттығулардың пайдалы болғанын атап өтті.

 

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығының аға әдіскер – психологы Сарбасова Қ.Қ.

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика