Медициналық ғылым оқудың бірінші курсынан «Гистология және цитология» кафедрасының жұмыс тәжірибесі.

Медициналық ғылым оқудың бірінші курсынан «Гистология және цитология» кафедрасының жұмыс тәжірибесі.

«Гистология және цитология» кафедрасында 2023-2024 оқу жылында студенттік ғылыми үйірменің (СҒҮ) жұмысын доцент, м.ғ. к. (PhD) А. В. Коробцов жетекшіледі. Барлық факультеттердің 1 курс студенттері "Гистология" пәніне жоғары қызығушылық танып, 40 студент СҒҮ-не кіруге өтініш берді. Барлық студенттердің 65%-і, 25 студент ғылыми-зерттеу жұмысына қатысып, таңдаған тақырыптары бойынша рефераттық/шолу сипатында ғылыми жұмыстар дайындады.

СҒҮ жұмысына кафедраның барлық оқытушылары белсенділік танытып, баяндамаға әрқайсысы 4 студент дайындады.

Баяндамалардың көптігіне байланысты оқу жылы ішінде 3 кафедраішілік конференция өткізілді. Қатысушылардың 6 студенті мемлекеттік тілде, 12 студент орыс тілінде және 7 студент ағылшын тілінде қорғады. Әр жұмыс, кафедраның оқытушыларынан құрылған қазылар алқасының стандартты критерийлері бойынша бағаланды.

"Кешегі оқушылар", бүгінгі студенттер күрделі, фундаменталды пәнді терең зерттеуге ерекше қызығушылық танытты. Баяндамалардың дайындауы, конференция жұмысына қатысуы, студенттердің ғылым әдебиетімен жұмыс істеу тәжірибесінің меңгеруіне және кафедра жұмысына Research based learning (RBL) әдісінің   ендірілуіне жағдай жасады.

Кафедраның студенттер ұйірмесі қатысушыларының ғылым жұмыстары жақын және алыс шетел журналдарында және ғылыми конференциялардың жинағында жарияланды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика