Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы қызметкерлерінің XLI Түрік микробиология конгресіне қатысуы

Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы қызметкерлерінің XLI Түрік микробиология конгресіне қатысуы

Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының қызметкерлері 2024 жылғы 13-17 қараша аралығында Түркияның Анталия қаласында өткен XLI Түрік микробиология конгресінде университеттің атынан қатысты.

Кафедраның PhD, доцент-зерттеушісі, 2022-2024 жылдарға арналған ИРН АР1483466 «Туберкулезді ерте диагностикалаудың жаңа технологиялары және оны емдеудің тиімділігін болжау» жобасының жетекшісі Утегенова А.М. «Innovative Methods of Early Tuberculosis Diagnosis: From Molecular Technologies to Clinical Application» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада туберкулезді молекулалық диагностикалау саласындағы жобаның жетістіктері мен инновациялық әдістерді клиникалық тәжірибеге енгізу мәселелері талқыланды.

«Медицина» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты және кафедраның аға оқытушысы Ықтияров А.Ә. «Predicting Treatment Response in Tuberculosis: New Approaches and Tools for Improving Therapy Effectiveness» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз зерттеуінде туберкулезді емдеудің тиімділігін болжау бойынша заманауи құралдар мен әдістерді қолдану нәтижелерімен бөлісті.

Конгреске қатысу кафедраның ғылыми жетістіктерін халықаралық деңгейде танытудағы маңызды қадам болды және микробиология саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Бұл іс-шара халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтып, университеттің ғылыми зерттеулері мен білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика