«МСАК жүйесіндегі мейіргерлік көмектің сапасын арттыру: көшбасшылық, пациентке бағытталған тәсіл және қолдау әдістері»

«МСАК жүйесіндегі мейіргерлік көмектің сапасын арттыру: көшбасшылық, пациентке бағытталған тәсіл және қолдау әдістері»

«Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті Әләйдарова Мереке Есенғалиқызы 11-15 қараша аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында                С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Мейіргер ісі» кафедрасында «МСАК жүйесіндегі мейіргерлік көмектің сапасын арттыру: көшбасшылық, пациентке бағытталған тәсіл және қолдау әдістері» тақырыбында семинарлық сабақтар өткізді.

Семинарлар барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

  • МСАК-тегі мейіргерлік күтімнің сапасы: пациентке бағытталған тәсіл: концепциясы, негізгі принциптері және практикада жүзеге асыру әдістері.
  • МСАК жағдайындағы мейіргерлік көмек және мейіргер-менеджердің көшбасшылық қасиеттері: команданың жұмысына және кадрларды ұстап қалуға әсері.
  • МСАК ұйымдарындағы мейіргерлердің еңбек жағдайлары мен кәсіби күйзелісінің өзара байланысы.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында төмендегі тақырыптар бойынша практикалық сабақтар жүргізілді:

  • Балалардағы аллергиялық аурулар: мейіргерлік процестің кезеңдері және ата-аналарға қолдау көрсету әдістері.
  • Аурулардың алдын алу, оңалту және денсаулықты нығайту туралы пациентті оқыту.

Әләйдарова Мереке Есенғалиқызы өзінің білімін және тәжірибесін «Мейіргер ісі» Білім беру бағдарламасы бойынша барлық курс білім алушыларымен бөлісіп, МСАК жүйесіндегі көшбасшылық қағидалары мен пациентке бағытталған тәсілді жүзеге асырудың құнды ақпараттарын ұсынды. Сонымен қатар, білім алушылардың болашақ кәсіби қызметінде тиімді қолдана алатын практикалық аспектілерге ерекше назар аударылды.

Семинарлық сабақтардың нәтижелері бойынша білім алушылар тақырыптардың өзектілігі мен өткізілген іс-шаралардың практикалық бағыттылығын жоғары бағалап, оң пікірлер білдірді.

Бұл семинарлар мейіргерлік қызмет сапасын арттыру жолындағы маңызды қадамға айналып, білім алушылардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыруда қолдау көрсетті. Өткізілген іс-шаралар жоғары оқу орындары арасындағы білім беру байланыстарын нығайтып, академиялық ұтқырлықтың дамуына үлес қосты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика