Фармация мектебі білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасына белсенді қатысуда.

Фармация мектебі білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасына белсенді қатысуда.

2024 жылғы 11-22 қараша аралығында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Фармация» білім беру бағдарламасының 5-курс білім алушылары «Аналитикалық токсикология» өндірістік тәжірибесінен өтті.

Тәжірибе барысында білім алушылар қауіпсіздік ережелерімен танысып, «Психикалық денсаулық қалалық орталығына» барып, токсикологиялық зерттеулер жүргізу және зертхананың жабдықталу ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, олар биоматериалдан бөлінген дәрілік препараттарды талдап, заманауи әдістерді қолданды.

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Шукирбекова Алма Боранбекқызы «Дәрілік уларды» бөлудің әдістеріне арналған дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізді. Сабақ соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сонымен бірге, Қазақ ұлттық медицина университетінің білім алушылары үшін НАО «Астана медицина университеті» мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, олар университет тарихымен танысты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика