Бес команданың ішінен Астана медицина университетінің командасы құрметті 3 орынға ие болды.
Бұл команданың кураторы Астана медицина университетінің «Медициналық құқық және этика» кафедрасының аға оқытушысы Абдралиев Жорабек Жамалбекұлы болды.
Шараның негізгі мақсаты - жастарды гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін белсенді шешуге тарту және оның қоғамға әсері туралы хабардарлығын арттыру. Чемпионатты ұйымдастырушылар ұсынған кейстер гендерлік зорлық-зомбылық мәселесінің әсерінің сан түрлі көріністерін – экономикалық салдарынан бастап менталдық денсаулыққа тигізетінен зарарына дейін көрсетеді. Кейс-чемпионат форматы қатысушылардың мәселенің (кейстің) контекстіне үңілуін көздейді және мәселені шешуде сыни ойлау және зерттеу дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.
Қатысушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, болашақ бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Команданың құрамы:
1. Бисимбаева Томирис Жаслановна
2. Жүсіп Әсем Сырымқызы
3. Альмерденова Аружан Русланова
4. Тулешова Айкен
5. Амиргалиева Альбина Ерлановна
6. Әлбей Шынар Атабайқызы