2024 жылғы 25-29 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясының қоғамдық денсаулық кафедрасында «Астана медицина университеті» КеАҚ қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасының профессоры Сергей Васильевич Ким болды.
Өз сапары аясында Сергей Васильевич «Ғылыми зерттеу негіздері» пәні бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 5-курс студенттеріне арналған дәріс курсын оқыды.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде дәрістер өткізудің мақсаты: тәжірибе алмасу, кәсіби құзыреттерді дамыту және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты күшейту. Бұдан басқа, ғылыми зерттеулердің негіздері бойынша заманауи әдістер мен тәсілдер туралы білім беру және денсаулық сақтаудың жедел талдауындағы заманауи трендтер.
Студенттер қаралып отырған тақырыптарға жоғары қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауларға қатысты. Өткізілген дәрістер олардың білімдерін кеңейтуге және басқару саласындағы дайындық деңгейін арттыруға ықпал етті.,
Өткізілген дәрістер студенттердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға ықпал етті және ОҚМА АҚ-да негізі қаланған академиялық ұтқырлықтың жоғары стандарттарына жауап берді..
ОҚМА АҚ мiндеттi медициналық әлеуметтiк сақтандыру және қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушiсi, м.ғ.к. Сәрсенбаева Гүлзат Жаңабайқызына, сондай-ақ академиялық ұтқырлық iс-шараларын ұйымдастыруға және өткiзуге белсендi қатысқаны үшiн кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына ерекше алғыс айтылады. Оларды қолдау бағдарламаны табысты іске асыруға, тәжірибе алмасуға және студенттердің кәсіби дағдыларын нығайтуға ықпал етті.