Акция Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (қан орталығы) өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара өтеусіз донорлықты дамытуға бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш акция аясындағы алғашқы шара осы жылдың мамыр айында өткен болатын. Университеттің симуляциялық орталығында қан тапсыру өтті, 60-тан астам адам басқаларға көмектесу және бақытты өмірге үміт беру мүмкіндігін пайдаланды.