2024 жылғы 25-29 қараша аралығында «Реабилитология және спорттық медицина» кафедрасының меңгерушісі Н. В. Сливкина және доцент Г. К. Тайтубаева «Академиялық мобилдік» бағдарламасы және "Астана медицина университеті" КЕАҚ мен «Самарқанд мемлекеттік медицина университеті» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Самарқанд медицина университетінің 3 курс студенттеріне "реабилитология" және "емдік массаж" пәндері бойынша дәрістер оқыды және практикалық сабақтар өткізді. Топтар нейрореабилитацияның өзекті мәселелеріне, оңалтуда заманауи технологияларды пайдалануға баса назар аудара отырып, үлкен қызығушылықпен дәрістерді тыңдады және алған білімдерін тәжірибемен үйлестірді, туындаған сұрақтарға толық жауап алды.
Самарқанд Мемлекеттік университетінің "Медициналық реабилитология, спорттық медицина және халықтық медицина" және "Неврология" кафедрасының ұжымымен кездесу өте жоғарға деңгейде өтті, біздің оқытушылар Өзбек әріптестерін Астана медицина университетінде іске асырылатын көпсалалы оңалту топтарының мамандарын даярлау жөніндегі жаңа білім беру бағдарламаларымен таныстырды, нейрореабилитацияның заманауи әдістерін талқылады, сондай-ақ, оңалту процесінде Халықаралық қызметтердің жіктелуі (Н.В. Сливкина) және оңалтудағы ботулинотерапия бойынша (г.К. Тайтубаева) мастер-класс өткізілді.
27 қарашада біздің оқытушыларымыз бен өзбек әріптестер Астана медицина университетінің "Реабилитология және спорттық медицина" және Самарқанд мемлекеттік университетніің "Медициналық реабилитология, спорттық медицина және халықтық медицина" және "Неврология" кафедрасының "Нейрореабилитацияның өзекті мәселелері" тақырыбында студенттердің ғылыми үйірмесінің бірлескен отырысын өткізді. Отырыста Астана Медицина университетінің "Эрготерапия" мамандығы бойынша білім алушы Ибрагимова М. А. «Реабилитологияда техникалық құралдарды пайдалану» және «Реабилитология және спорттық медицина» кафедрасының докторанты Құрбан Ж. «Реабилитологияда жасанды интеллектті» пайдалану бойынша баяндамалара жасады.
Самарқанд мемлекеттік университетіне барудың маңызды оқиғасы "Клиникалық неврология және нейрореабилитациядағы инновациялар" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Н.В. Сливкина мен Г. К. Тайтубаеваның оқыған баяндамалары, конференцияда Өзбекстан, Франция, Түркия, Ресей, Қазақстанның жетекші ғалымдары нейрореабилитациядағы заманауи үрдістерді, инсульттан кейінгі пациенттерді дәлелді медицинамен оңалтуды, нейрореабилитация саласындағы инновацияларды талқылады.
Біздің оқытушыларымыздың академиялық мобилдік бағдарламасымен Самарқанд мемлекеттік университетіне сапары біздің өзбек әріптестерімізбен білім алушылармен де жоғары бағаланды және жоғары білікті мамандар даярлау мәселелерінде біздің университеттер арасындағы өзара қарым қатынасын нығайтуға, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар жасауға елеулі үлес қосты.