QS Stars жоғары рейтингі профессорлық-оқытушылар құрамының жоғары біліктілік деңгейін, студенттердің жоғары сапалы дайындығын және университеттің ғылыми және халықаралық салаларда белсенді дамуын растайды.
Университет бұл рейтингке алғаш рет өткен жылы 3 жұлдыз нәтижесімен енген еді, сол кезде ол оқыту, жұмыспен қамту және интернационализация сияқты санаттарда жоғары көрсеткіштер көрсеткен болатын.
Бүгінгі таңда QS Stars халықаралық рейтингіне Қазақстаннан барлығы 22 университет кірсе, олардың ішінде 3 медицина жоғары оқу орындары болып табылады. Осы ретте Астана медицина университеті еліміздегі алғашқы және әзірге жалғыз медицина жоғары оқу орны ретінде 4 жұлдызға ие болып отыр.
«QS Stars рейтингінің 4 жұлдыз берілуі Астана медицина университетінің Қазақстан білім беру жүйесіндегі маңызды рөлін және әлемдік деңгейдегі оқу орнына айналу әлеуетін дәлелдейді. Бұл жетістік – университеттің бүкіл ұжымының ғылым, білім және тәжірибенің үштұғырлылық қағидатына сүйене отырып, үнемі дамуға ұмтылуының жемісі. Біз қазақстандық медицина мен білім берудің болашағына өз үлесімізді қосып отырғанымызға мақтанамыз және алда бізді жаңа белестер күтетініне сенеміз. Университет қызметкерлеріне өз ісіне деген адалдығы үшін, сондай-ақ осындай маңызды табыстардың негізін қалаған күш-жігері мен стратегиялық басшылығы үшін бұрынғы ректорымыз Камалжан Надыровқа алғысымды білдіремін», – деп атап өтті Астана медицина университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін уақытша атқарушы Виталий Койков.