«Астана медицина университеті» КеАҚ 60 жылдығына арналған «АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты cтуденттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми морфологиялық конференциясы және Студенттік Халықаралық Олимпиадасы

«Астана медицина университеті» КеАҚ 60 жылдығына арналған «АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты cтуденттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми морфологиялық конференциясы және Студенттік Халықаралық Олимпиадасы

«Астана медицина университеті» КеАҚ 60 жылдығына арналған «АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY»  атты  cтуденттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми морфологиялық конференциясы және  Студенттік Халықаралық Олимпиадасы

2024 жылдың 22-23 қарашасында «Астана медицина университеті» КеАҚ 60 жылдығына арналған «АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты cтуденттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми морфологиялық конференциясы және Студенттік Халықаралық Олимпиадасы өтті.    

Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркияның медициналық университеттерінің студенттері мен жас ғалымдары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты тәжірибе алмасу, морфология ғылымдарын танымал ету және ғылыми ынтымақтастық жоспарларды талқылау үшін халықаралық платформа құру болды.

Ғылыми форумды проректор Айгүл Битимбайқызы Жүнісова салтанатты түрде ашып, қатысушыларға табыс пен биік жетістіктер тіледі. Медицина мектебінің деканы Айнұр Әнуарқызы Сариева, А.Б. Аубакиров атындағы адам анатомиясы кафедрасының меңгерушісі Айгүл Ыдырысқызы Алмабаева, қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Курейш Мавлович Хамчиев қатысушыларға шабыттандыратын сөздер айтты.

«АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» Халықаралық Студенттік Олимпиада онлайн және офлайн секцияларда сайыс өтті. Офлайн бөлімнің қорытындысы бойынша Астана медицина университетінің командасы (ғылыми жетекшісі Жаналиева М.Қ.) қонақтардың мықты командаларымен күрделі бәсекеде 1-дәрежелі Дипломға ие болды

Студенттер мен жас ғалымдардың «АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты Халықаралық ғылыми морфологиялық конференциясында баяндамалар үш секцияда ұсынылды. Секциялардың қорытындысы бойынша біздің студенттер жоғары марапаттарға ие болды:

Бірінші дәрежелі диплом ¬ Темірхан Абылай (ғылыми жетекшісі Шаяхметов Д.А.)

2 дәрежелі диплом ¬ Қорғанбай Нұрхан, Ауғанбаева Аида және Тұрыш

Айсана.

23 қарашада қатысушылар университетаралық ғылыми пікірталас алаңын құру мәселесін талқылау үшін дөңгелек үстелге жиналды. Жас ғалымдар мен тәжірибелі тәлімгерлер ой бөлісіп, бірлескен ғылыми жобалар, стартаптар және халықаралық ынтымақтастық жобаларын талқылады.

Іс-шара, қатысушылардың елордамыз Астананың сұлулығын, оның заманауи сәулетімен және тарихи көрікті жерлерін тамашалайтын экскурсиямен аяқталды.

Халықаралық конференция мен олимпиаданың өтуі қатысушылардың жүрегінде ұмытылмас із қалдырды. Жас ғалымдар үйлеріне дипломдар мен сертификаттармен ғана емес, жаңа мақсаттармен, болашақ жобаларға арналған идеялармен қайтты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика