Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 03 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін (бакалавриат студенттері және интерндер үшін) жүзеге асырылады. Өтініштер мен құжаттарды қабылдауды тиісті мектептер жүзеге асырады.
Құжаттар тізімі:
1) үлгіге сәйкес өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) оқуға ақы төлейтін тараптан бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға және үміткер болуға рұқсат берілген келісімхат (әкімдіктер/өзге де ұйымдар есебінен ақылы негізде оқитын студенттер үшін).