2024 жылғы 17-29 қараша аралығында Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Сутимбекова Назгул Сеитбековна университет аралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Алматы қаласы «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ университетіне іссапармен барды.
Іссапардың негізгі мақсаты – «Медицина» мамандығының 2-курс студенттеріне арналған «Микробиология» пәні бойынша практикалық сабақтар мен семинарлар өткізу. Бұл сабақтар студенттердің микробиология саласындағы білімдерін тереңдетуге және кәсіби дағдыларын кеңейтуге бағытталды.
Іссапар барысында Сутимбекова Н.С. 2024 жылғы 17-29 қарашада Алматы қаласында өткен академиялық ұтқырлық аясында инновациялық әдістер реттілігін пайдаланды. Бұл әдістер студенттердің сыни ойлауын шыңдауға, шығармашылық және аналитикалық дағдыларды дамытуға көмектесетін ұзақ мерзімді жобаларды орындауына негізделді. Оқу процесі нақты мәселелерді шешуге және топта жұмыс жасауға бағытталған.
Оқытушылармен Сутимбекова Н.С. «Астана медицина университетінде микробиологияны оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел барысында баяндама жасады. Баяндама үлкен қызығушылық туындатып, бірнеше сұрақтарға жауап беріп, микробиологияны оқыту әдістері бойынша тәжірибе алмасуға ықпал етті. Сонымен қатар Сутимбекова Н.С. оқытушылардың сабағына өзара қатысып, кері байланыс жасай алды.
Академиялық ұтқырлық аясында Астана мен Алматы білім беру мекемелері арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болып, қала аралық ғылыми әріптестікті нығайтуға үлес қосты.