Астана медицина университетінің оқытушылары әлемнің жетекші және көне университеттерінде дәріс оқиды

Астана медицина университетінің оқытушылары әлемнің жетекші және көне университеттерінде дәріс оқиды

Астана медицина университетінің оқытушылары әлемнің жетекші және көне университеттерінде дәріс оқиды

Астана медицина университетінде оқытушылар құрамының үздіксіз дамуы маңызды орын алады. Бұл тек заманауи білім беру талаптарына сай келіп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайтады. Университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы оқытушыларға тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен технологияларды оқу процесіне енгізуге бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Табысты тәжірибе алмасудың соңғы мысалы — гериатрия курсы бар ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, PhD Смагулова Әлия Жапонияның Киото университетінің Медициналық орталығында тағылымдамадан өтуі. 1897 жылы құрылған жоғары оқу орны Жапонияның жетекші ғылыми және білім беру орталықтарының бірі болып саналады. Оның құрылымына 10 факультет, 18 аспирантура бағдарламасы, 13 ғылыми - зерттеу институты және 22 білім беру орталығы кіреді.

Тағылымдама барысында біздің әріптесіміз оқыту мен клиникалық практиканың озық тәсілдерін зерттеп қана қоймай, «Жүкті әйелдердегі аритмияны жүргізудің жаңа трендтері» тақырыбында қонақ ретінде дәрістер оқыды. Оқылған дәрістер жүкті әйелдің ағзасындағы аритмияның пайда болуына әкелетін физиологиялық өзгерістерді, диагностикалау, дәрілік препараттарды қолданудың ерекшеліктерін ашып көрсетті, сондай-ақ, жеке зерттеулердің нәтижелері баяндалды.

Сонымен қатар, Әлия Смагулова Киото университетінің ғылыми семинарына қатысып, аспиранттар мен жас ғалымдардың зерттеулерінің аралық нәтижелерін бағалай отырып, сарапшы сөз сөйледі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика