Ұшақта адам өмірін сақтап қалған Дінмұхаммед Бектұрған марапаттарға ие болды

Ұшақта адам өмірін сақтап қалған Дінмұхаммед Бектұрған марапаттарға ие болды

Ұшақта адам өмірін сақтап қалған Дінмұхаммед Бектұрған марапаттарға ие болды

Астана медицина университетінің жетінші курс студенті Дінмұхаммед Бектұрған ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

Министр өз үндеуінде студенттің төтетнше жайт кезінде көрсеткен кәсібилігі мен жанқиярлығын атап өтті:

"Ұшақ бортында, жолаушылардың бірі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған кезде Дінмұхаммед абдырап қалмады. Ол жылдам және сауатты іс-қимылының арқасында адам өмірін сақтап қалды. Бұл оқытушыларының да білімді ғана емес, сонымен қатар дәрігерге тән мейірімділік, жауапкершілік құндылықтарын дарытқанына көз жеткізуге болады".

Марапаттау рәсімі Астана медицина университетінің қабырғасында өтті. ЖОО Басқарма Төрағасы – Ректоры міндетін уақытша атқарушы Анар Тұрмұхамбетова да студентке Алғыс хат табыс етті:

"Дінмұхаммед, сіздің іс-әрекетіңіз - біздің ЖОО-ның барлық студенттері мен оқытушылары үшін үлгі. Мен университетімізде сіз сияқты талантты және жауапты жастардың білім алғанын мақтан тұтамын".

Сонымен қатар, әуе кеме командирі Абай Алданазаров пен әуекомпанияның техникалық ұшқышы Ғаниден Әбілмажинов "Qazaq Air" әуекомпаниясы атынан Дінмұхаммедке тегін әуе билеттері мен алғыс хатты табыс етті.

Сондай-ақ, AMANAT партиясы Астана қалалық филиалы Төрағасының орынбасары Мұхаммед Болысбек те елордалық филиалының атынан Дінмұхаммедке алғыс айтып, тілегін білдірді.

«Менің көмегім қажет болған кезде мен шетте қала алмадым. Бұл жағдай мен үшін маңызды тәжірибе болды және университетте алған білім мен дайындықтың шынайы өмірде маңызды екенін дәлелдеді», - деді өз кезегінде Дінмұхаммед.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда-Астана бағытындағы әуе рейстерінің бірінде төтенше жайт болды. Борттағы жолаушылардың бірі жүрек талмасына ұшырады. Қуанышқа орай жолаушылар арасында дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білген Астана медицина университетінің студенті болды. Ол есінен танған жолаушыны аман алып қалды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика