Қазақстанда онлайн-алаяқтық қарқын алуда. Ресми статистикаға сәйкес, соңғы бес жылда мұндай қылмыстардың саны 42 есе өсті. Зиянкестер жасанды интеллект технологиясын қолданып, биометриялық қорғанысты айналып өту жолдарын табуда. Студенттерді осындай қауіп-қатерлерден қорғау үшін Астана медицина университетінде бірінші курс студенттерінің криминалдық полицияның жедел уәкілдері Ризат Сейілқанов пен Оралхан Әбдікаппаровпен кездесуі өтті.
Кездесу кезәнде полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың негізгі схемаларын егжей — тегжейлі түсіндіріп, «дроппинг» тақырыбына ерекше назар аударды.
"Алаяқтар құрбандарды әлеуметтік желілерде банк карталарын сату немесе жеке кәсіп ашу туралы хабарландыруларды орналастыру арқылы іздейді. Бұл карталар арқылы заңсыз алынған ақша аударылады, содан кейін карталар дропперлерге қайтарылып, оларды серіктес етеді. Әсіресе, мұндай схемаларда студенттер жиі кездеседі", - деп түсіндірді полиция капитаны Ризат Сейілқанов.
Полиция капитанының айтуынша, алаяқтар WhatsApp сияқты танымал мессенджерлерге қол жеткізіп, есептік жазбаны бұзу арқылы жәбірленушінің контактілеріне ақша сұрап хабарлама жібереді.
Оның әріптесі Оралхан Әбдікаппаров алаяқтардың күн сайын өз әдістерін жетілдіретінін атап өтті.
"Бүгінде қылмыскерлер биометриялық қорғанысты айналып өте алады. Сондықтан өте сақ болу, сондай- ақ қылмыскерлер үшін оңай олжаға айналатын ата-аналар мен қарт туыстарыңызға ескерту керек", - деді ол.
Студенттер тақырыптың өзектілігін жоғары бағалап, қонақтарға пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдірді.