Ағымдағы жылы 20 қаңтарынан бастап Әлеуметтік тәрбие жұмысы жөніндегі орталығының және кураторлардың өтінімі бойынша, Астана қаласы әкімдігінің «Qamqor Astana» ҚҚ теологтары Астана медицина университетінің 1 және 2 курс студенттеріне дәріс жүргізді. Кездесу барысында «жастар тәрбиесіндегі дін мәселелері, әлеуметтік желіде деструктивті діни ағымның ықпалына сақтандыру, дін саласына қатысты заңнама» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары:
1. Әкімшілік кодекс 490 және 453 баптар
2. Дәстүрлі Ислам
3. ҚР тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі
4. Дәстүрлі емес діни ағымдар белгілері
5. Деструктивті діни ағымды тарату жолдары мен алдап арбау кезеңдері
Кездесу өте қызықты және нәтижелі өтті. Кездесу соңында білім алушылар теологтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Біз теологтардың терең және мазмұнды дәрісі үшін, ал білім алушыларға - белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.