Адам метапневмовирусы – бүкіл әлемге белгілі кең таралған вирус

Адам метапневмовирусы – бүкіл әлемге белгілі кең таралған вирус

Адам метапневмовирусы – бүкіл әлемге белгілі кең таралған вирус

Метапневмовирус алғаш рет 2001 жылы табылған. Алайда, ЖРА-мен ауыратын науқастардың қан сарысуының үлгілерін талдауға сәйкес, вирус адамдар арасында кем дегенде 1950 жылдардың аяғынан бастап тарала бастады. Вирустың белсенді айналымы қыста басталып, көктемге дейін жалғасады, негізінен ауа тамшылары арқылы беріледі. Тәуекел тобына көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан ересектер, сондай-ақ иммун тапшылығы және созылмалы аурулары бар адамдар кіреді.

 

Аурудың негізгі белгілері жөтел, дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі және ентігу болып табылады. Бұл белгілерді дене қызуын түсіретін дәрілерді қолдану, тамақты және мұрынды тұзды ерітіндімен шаю, сондай-ақ жылы сұйықтықты көп ішу арқылы жеңілдетуге болады. Қазіргі уақытта метапневмовирусқа қарсы арнайы терапия мен вакцина жоқ.

 

Астана медицина университетінің балалар инфекциялық аурулар кафедрасының профессоры Бақыт Кошерованың айтуынша, метапневмовирус жұқпасынан сақтану үшін ЖРВИ-дің алдын алудың стандартты шараларын сақтау қажет:

 

·       қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептиктерді қолдану;

·       бетке жуылмаған қолмен тиіспеу;

·       бөлмені тұрақты түрде желдету;

·       науқас адамдармен байланысудан аулақ болу.

 

Метапневмовирус респираторлық аурулардың себептерінің бірі болып қалады. Алдын алу шараларын сақтау және дер кезінде емделу жұқтыру қаупін азайтуға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика