2025 жылдың 24-25 қаңтар аралығында академик Н.Д.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми орталығында «Регионарды аанестезиядағы инновациялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны профессор Айдос Қабиболатұлы Қонқаев басқаратын Астана медицина университетінің №1 анестезиология және реанимация кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырды.
Конференцияда аймақтық анестезия саласындағы заманауи тенденциялар мен мүмкіндіктер, ауырсынуды басудың инновациялық әдістері мен жаңа технологияларды қолдану қарастырылды. Сондай-ақ, кафедра доценті, PhD Айнұр Елтаеваның «Регионалды анестезиядағы ультрадыбыстық жетекшіліктің рөлі» тақырыбы бойынша баяндамасы тыңдалды.
Айта кетейік, ғылыми-тәжірибелік конференцияға практикалық анестезиологтар мен реаниматологтар, «Ересектер мен балаларға арналған анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша 1, 2, 3 курс резиденттері қатысты.