Дінмұхаммед Бектұрған ұшақта жолаушыны құтқарғаны үшін тағы бір марапатқа ие болды

Дінмұхаммед Бектұрған ұшақта жолаушыны құтқарғаны үшін тағы бір марапатқа ие болды

Дінмұхаммед Бектұрған ұшақта жолаушыны құтқарғаны үшін тағы бір марапатқа ие болды

Астана медицина университетінің қабырғасында "Қызылорда – Астана" авиарейсінің жолаушысына шұғыл медициналық көмек көрсетіп, жоғары кәсібилік пен жанқиярлық танытқан 7 курс интерні Дінмұхаммед Бектұрғанға арналған салтанатты кездесу өтті.

Іс-шараға Басқарма төрағасы – Ректорының міндетін уақытша атқарушы Анар Тұрмахамбетова, "Германиядағы Кеңес әскерлері тобының және Варшава шарты әскерлері тобының ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің өкілдері -төрағаның орынбасары Ерболат Нұрсейітов, штаб бастықтары Мэлс Иманқұлов пен Мұхамбетқали Жексембаев, сондай-ақ ЖОО студенттері қатысты.

Қонақтар болашақ дәрігерлерді практикалық даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, университетте алған білімдерінің арқасында Дінмұхаммед қауіпті жағдайда сауатты және жедел әрекет ете алғанын атап өтті.

Құрмет белгісі ретінде қонақтар Дінмұхаммедтің ата-анасына және батырдың өзіне Анар Тұрмахамбетоваға Алғыс хаттарын табыс етті.

Студенттер үшін кездесу шұғыл көмек көрсетудің нақты тәжірибесі туралы көбірек білуге және ұшақта болған жағдайға қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік туды.

Астана медицина университеті жоғары деңгейдегі мамандарды даярлауды жалғастыруда және Дінмұхаммед Бектұрғанның оқиғасы - осының жарқын дәлелі. Университетте алған білім мен дағдылар тіпті жас дәрігерлерге де жауапты шешімдер қабылдаудан және адам өмірін сақтап қалудан тартынбауға мүмкіндік береді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика