Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығы қарсаңында Астана медицина университетінде интернационалист-жауынгерлердің әскери кафедра студенттерімен кездесуі өтті.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Ауғанстанда үш жыл қызмет еткен Алма Әбілқасымова мен Гүлжанар Садықова шақырылды. Олар 1985 жылдан 1988 жылға дейін Кабул мен Джалалабадтағы әскери госпитальдарда жұмыс істеп, жаралыларға медициналық көмек көрсеткен еді.
Кездесудің ресми бөлігін әскери кафедраның бастығы, запастағы медициналық қызметтің подполковнигі Болат Байқадамов ашып, ардагерлерге шын жүректен алғысын білдірді:
"15 ақпан - соғыстың қиыншылықтарынан өткен мыңдаған қазақстандықтардың батылдығын еске түсіретін маңызды күн. 700-ден астам жас жігіт қаза тапты. Бүгін біз сол батырларды еске алу алып, басымызды иеміз. Жас ұрпақ үшін олардың батырлығы — Отанға деген батылдық пен адалдықтың үлгісі. Ерліктеріңіз үшін көп рахмет!»
Қатысушылар Ауған соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұдан кейін қонақтар Ауғанстандағы қызметі - жұмыстағы қиындықтары, медициналық қызметкерлердің жанқиярлығы, әр өмір үшін күресі туралы естеліктерімен бөлісті. Олардың әңгімелері Отанға қызмет ету мен өзгенің өмірін сақтап қалу жолындағы ерліктің қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.
Төтенше жағдайға қарамастан жырақта жүрген Алма Әбілқасымова мен Гүлжанар Садықова күн сайын жараланғандардың өмірін сақтап, медициналық көмек көрсете отырып, жоғары кәсібилік пен батылдықтарын танытты.
Бүгінде ардагерлер белсенді қоғамдық қызметті жалғастыруда. Қоғамдық өмірге белсене қатысып, жауынгерлік бауырластықты қолдап, жастарды патриоттық тәрбиелеуге ерекше назар аударады.
Іс-шара соңында әскери кафедра студенттері өздері дайындаған концерттік нөмірлерін көрсетті. Ал ардагерлер болашақ әріптестеріне алғыс және құрмет белгісі ретінде грамоталар мен сертификаттар табыстады.