«Жас ғалым»: елордада медицинадағы ең үздік жас зерттеушілер таңдалды

«Жас ғалым»: елордада медицинадағы ең үздік жас зерттеушілер таңдалды

«Жас ғалым»: елордада медицинадағы ең үздік жас зерттеушілер таңдалды

Елордалық №2 көпсалалы балалар ауруханасының қабырғасында Астана медицина университеті ұйымдастырған «Жас ғалым» байқауы өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының 20-дан астам магистранттары мен резиденттері қатысты.

Жас мамандар медицинаның өзекті мәселелерін қозғайтын зерттеулер ұсынды: шала туылған нәрестелердегі тыныс алу терапиясының заманауи әдістері, энергетиктердің ағзаға әсері, вакцинация аспектілері, анемия, сирек кездесетін синдромдар және басқа да балалар аурулары.

Қатысушылардың сөз сөйлеуі қазылар алқасының мүшелері – тәжірибелі дәрігерлер мен оқытушылар арасында қызу пікірталас тудырды, оның құрамына: м.ғ.д., профессор, «АМУ» КеАҚ №3 отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі – С.Н. Ураева; м.ғ.д., «АМУ» КеАҚ кардиоревматология және гастроэнтерология курстары бар балалар аурулары кафедрасының профессоры – Лим Л.В. және м.ғ.к., «АМУ» КеАҚ аллергология, гематология және эндокринология курстары бар балалар аурулары кафедрасының доценті – М. Р. Гатауова.

Әрбір зерттеу дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, бірақ көп талқылаудан кейін ең жақсы жұмыстар анықталды.

Негізгі баяндамалар:

·       1 орын – Қайыржанова Ақбота, Сарпекова Шұғыла, «Педиатрия» мамандығы бойынша 7-курс интерндері («АМУ» КеАҚ). Ғылыми жетекші – «АМУ» КеАҚ Аллергология, иммунология, гематология және эндокринология курстары бар балалар аурулары кафедрасының ассистенті Н.Д.Бугаева.

·       2 орын – Исаев Владислав, «Педиатрия» мамандығының резиденті («ҚМУ» КеАҚ). Ғылыми жетекшісі-м. ғ. д., «ҚМУ» КеАҚ Педиатрия және неонатология кафедрасының профессоры С. Б. Дюсенова.

·       3 орын – Орынбайқызы Нұрайым, «Ревматология» мамандығының резиденті («АМУ» КеАҚ). Ғылыми жетекшісі – «АМУ» КеАҚ №4 ішкі аурулар кафедрасының доценті Н.Д. Иманбаева, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының ревматология бөлімінің меңгерушісі М. К. Асылбекова.

Постерлік баяндамалар:

·       1 орын – Сүлейменов Илияс, «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша 3-ші оқу жылының резиденті («АМУ» КеАҚ). Ғылыми жетекші – «МУА» КеАҚ балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті Таңат З. Х.

·       2 орын – Шаймерденқызы Меруерт, «Педиатрия» мамандығының резиденті («АМУ» КеАҚ). Ғылыми жетекші-кардиоревматология және гастроэнтерология курстары бар балалар аурулары кафедрасының доценті Айшауова Р. Р.

·       3 орын – Әбдәшім Шұғыла Ерболқызы, Ергалиева Фатима Айтжанқызы, «ЖПД» мамандығы бойынша 7-курс интерндері («АМУ» КеАҚ). Ғылыми жетекші-кардиоревматология және гастроэнтерология курстары бар балалар аурулары кафедрасының ассистенті Естемесова Р. А.

Конкурсқа қатысушылардың барлығы естелік грамоталар мен медицинаның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс сөздерін алды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика