2025 жылғы 10-11 сәуірде «Медициналық университет Астана» КеАҚ халықаралық қатысуымен «Денсаулық сақтау мен білім берудегі цифрлық технологиялар және аналитика: инновациялар мен перспективалар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады. Іс-шара медицина мен медициналық білім беруде қолданылатын заманауи IT-шешімдер, аналитикалық әдістер мен жасанды интеллектті талқылауға арналған алаң болады.
Конференцияны «Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы ұйымдастырады. Ол озық технологиялық шешімдерді зерделеуге, олардың денсаулық сақтау мен білім беру процестерін дамытуға ықпалын талдауға, инновацияларды енгізу перспективаларын талқылауға және ғылыми жетістіктермен алмасуға бағытталған.
Негізгі ақпарат
- Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
- Қатысу форматы:
- Ауызша баяндама + тезистерді жариялау;
- Ауызша баяндама;
- Тезистерді жариялау.
- Қатысу түрлері:
- Бетпе-бет қатысу;
- Онлайн формат (бейне конференция арқылы).
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми еңбектердің электрондық жинағы шығарылады.
Тіркелу
Конференцияға қатысу үшін сілтеме бойынша тіркеліп: https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=E31oqzRs-0ea297rfF9HzwKby8WenoVOgxv98I-iRZtUMk1WR09NMk1XMDIwSVE3UzIzNkU0RzlKTS4u тезис немесе баяндама жүктеу қажет.
Материалдарды тапсыру мерзімі
Тезистер мен ілеспе хаттар 2025 жылғы 25 наурызға дейін biostat@amu.kz электрондық поштасына қабылданады.
Тезистерге қойылатын талаптар
- Материалдарда түпнұсқа зерттеулер болуы керек.
- Көлемі: 1-2 бет (А4 форматы).
- Дизайн: Times New Roman шрифті, 12 pt, бір жоларалық интервал.
- Құрылымы:
- Авторлардың аты-жөні (қалың қаріппен);
- Жұмыс атауы (бас әріптермен, қалың қаріппен);
- Ғылыми жетекшінің аты-жөні (курсив, дәрежесі мен лауазымы көрсетілген);
- Кафедраның, университеттің, қаланың және елдің атауы (курсив);
- Негізгі мәтін (кіріспе, өзектілік, мақсат, әдістер, нәтижелер, қорытындылар).
Ауызша баяндамаларға қойылатын талаптар
- Презентация MS PowerPoint бағдарламасында дайындалуы қажет.
- Сөйлеу уақыты: 10 минут + 3 минут сұрақтарға жауап беру үшін.
- Презентация талаптарға сай болуы керек (ашық фон, қараңғы мәтін).
- Баяндамалар 2025 жылғы 25 наурызға дейін ұсынылуы қажет.
Конференцияның негізгі тақырыптары
- Денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу.
- Медициналық деректерді талдауда жасанды интеллект пен машиналық оқытуды пайдалану.
- Медициналық ақпараттық жүйелер және деректер базасы.
- Медициналық білім берудегі виртуалды және толықтырылған шындық.
- Медициналық деректерді қорғау және шифрлау әдістері.
- Мобильді медициналық қосымшаларды әзірлеу және қолдану.
Байланыс
Барлық сұрақтар бойынша Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасына хабарласуға болады:
- Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 51, 2 қабат, 208 кабинет.
- Телефон: +7 (7172) 53-95-44.
- Байланыс тұлғалары:
- Ұлжалғас Мұратбекқызы – +7 702 357 71 23
- Жанат Нысанбекқызы – +7 701 566 86 89
Конференция туралы барлық ақпарат www.amu.edu.kz сайтындағы «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланады.
Барлық ниет білдірушілерді конференцияға қатысып, медицинадағы цифрлық технологиялардың дамуына өз үлесін қосуға шақырамыз!