Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту: Анар Тұрмұхамбетова студенттік активпен кездесті

Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту: Анар Тұрмұхамбетова студенттік активпен кездесті

Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту: Анар Тұрмұхамбетова студенттік активпен кездесті

Астана медицина университетінде Студенттік ректорат өкілдерінің Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы - ректор Анар Тұрмұхамбетовамен кездесуі өтті. Диалог барысында студенттік өмірдің, білім беру процесінің және студенттік өзін-өзі басқару бастамаларын дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.

Студенттік ректор Ерсұлтан Қыдырбай ректорат құрамын таныстырып, олардың қызмет бағыттары туралы айтып берді. Жүзеге асырылған жобалардың қатарында жаңа студенттік үйдің ашылуына қатысу, қайырымдылық және білім беру іс – шараларын өткізу, омбудсмендер мектебін іске қосу және басқа жоғары оқу орындарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту бар.

Сондай-ақ, кездесу барысында студенттер оқу процесін ұйымдастыруға, студенттердің бастамаларын қолдауға және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктеріне байланысты тақырыптарды көтерді. Ұсынылған барлық сұрақтар мұқият қаралып, олардың көпшілігі бойынша түсініктемелер берілді.

Диалог сындарлы атмосферада өтті және университет басшылығы мен студенттік қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды дамытудағы кезекті қадамға айналды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика