Неврология бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы хабарландыру

Неврология бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы хабарландыру

Неврология бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы хабарландыру

Өтетін күні: 2025 жылғы 13-14 наурыз

Орны: Астана қ., Хусейн Бен Талал к-сі, 25, Wyndham Garden Astana қонақ үйі, Garden Hall залы

 

Астана медицина университеті «Денсаулық» неврологтар және нейрореабилитологтар қоғамы» ҚБ-мен бірлесіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Пәнаралық неврология: проблемалар мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі тақырыбы қандай?

Конференцияда неврологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері қарастырылады. Соңғы жылдары бұл салада пациенттерге тиімдірек көмектесуге мүмкіндік беретін жаңа емдеу және диагностика әдістері пайда болды.

Конференция форматы

Конференция мастер-класстары бар мектептер форматында өтеді, онда қатысушылар теориялық білім алып қана қоймай, практикалық аспектілермен де айналыса алады:

·       Ауырсыну мектебі – ауырсыну синдромының әртүрлі түрлерін, соның ішінде мигренді диагностикалау және емдеу әдістері.

·       Аутоиммунды және орфандық аурулар мектебі – сирек кездесетін неврологиялық патологияларға заманауи тәсілдер.

·       Тамырлы және нейродегенеративті аурулар мектебі – инсульт, деменция, Паркинсон ауруы және басқа аурулар.

·       Эпилепсия және ұйқының бұзылуы мектебі – диагностика, емдеу, заманауи зерттеулер.

Қалай қатысуға болады?

Тіркеу 2025 жылдың 11 наурызына дейін ашық (18:00):

https://docs.google.com/forms/d/1jUHF9dwVZz-zI0472k1abUHlPyCWNeI-C__SDhYgD24/edit

 

Қосымша тіркелу 2025 жылдың 13 наурызында сағат 08:00-ден бастап конференция өтетін жерде жүргізіледі.

 

Конференция дәрігерлерге, зерттеушілерге және медициналық студенттерге пайдалы болады. Конференция соңғы ғылыми жетістіктермен танысып, диагностика мен емдеудің практикалық мәселелерін жетекші мамандармен талқылауға мүмкіндік береді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика