«Астана медицина университеті» КеАҚ докторантурасының екі түлегі философия докторы (PhD) дәрежесін алып, өз біліктілігін сәтті растады. Олардың зерттеулері медицина мен денсаулық сақтаудың дамуына ықпал етті, енді түлектер өз білімдерін іс жүзінде қолдануға дайын.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен сәйкес:
- Әділбекова Ақкербез Бәкірқызы – 8D10102 - Медицина білім беру бағдарламасының түлегі.
Ғылыми кеңесші: Қожахметов Сәкен Қайроллаұлы, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Г.В. Цой атындағы хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі.
- Алчимбаева Мақпал Асқарқызы – 8D10103-Қоғамдық денсаулық сақтау білім беру бағдарламасының түлегі.
Ғылыми кеңесші: Рахыпбеков Төлебай Қосиябекұлы, м.ғ.д., профессор, «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының президенті.
Айта кетейік, Мақпал Алчимбаева Астана медицина университетінде Медициналық құқық және этика кафедрасының аға оқытушысы қызметін жалғастырып, болашақ мамандарға білім береді.
PhD дәрежесі – ғылыми мансаптағы маңызды қадам. Ол әрі қарай зерттеу жүргізуге, оқытушылық және практикалық қызметпен айналысуға мүмкіндік береді. Түлектерді құттықтаймыз және оларға жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!