Үндістандық делегация Астана медицина университетінің клиникалық базаларымен танысты

Үндістандық делегация Астана медицина университетінің клиникалық базаларымен танысты

Үндістандық делегация Астана медицина университетінің клиникалық базаларымен танысты

2025 жылғы 10 наурызда Астана медицина университеті серіктестермен – №9 қалалық емханамен және №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасымен бірлесіп, Santosh University (Үндістан) делегациясын қабылдады.

Қонақтар университеттің клиникалық базаларына барып, медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесімен, сондай-ақ студенттер мен резидент дәрігерлерді практикалық даярлау шарттарымен танысты. Емханалардың жұмысы мен алғашқы медициналық-санитарлық көмекке ерекше назар аударылып, бұл үндістандық әріптестердің қызығушылығын тудырды.

Сапар барысында оқытушылармен және медицина мамандарымен кездесулер өтіп, озық білім беру әдістемелері талқыланып, тәжірибе алмасу жүргізілді. Делегация бөлімшелерді аралап, барлық сұрақтарына жауап алды.

№9 қалалық емхананың директоры Сәуле Смағұловаға және №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Гүлнар Кулушеваға жылы қабылдауы, ынтымақтастыққа ашықтығы және медициналық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика